Қазақстан ауасы лас 155 мемлекеттің арасында 33-ші орында
Қазақстан ауасы ластанған 155 мемлекеттің арасында 33-ші орында. Energyprom.kz мониторинг агенттігінің мәліметінше еліміздің ластану индексі 73,4 пайызды құраған. Яғни бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, ел экологиясы соншалықты мүшкіл деген сөз.
Автор: Елдос Есенбол
07.02.2022
ТМД елдерінің ішінде Әзірбайжанның ғана экологиялық жағдайы бізден нашар. Ал Молдава, Ресей, Украина, Армения, Беларусь Қазақстаннан әлдеқайда таза.
Отандық экологтардың айтуынша Талдықорған, Тараз, Жезқазған, Ақтау, Түркістан еліміздің ауасы ластанған қалалардың тізімін бастап тұр. Осы ретте мемлекет қазынасынан бөлінген миллиондардың қайда кетіп жатқаны белгісіз.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция көлемі 4,3 пайызға өсіп, 163 миллиард теңгені құраған.
Өңірлер арасында Жамбыл облысы қоршаған ортаның жағдайына көбірек алаңдайтын секілді. Өйткені бұл бағытқа бөлінген инвестиция бойынша 53 миллиард теңгемен жамбылдықтар көш басында. Үздік үштікті Елорда мен Ақтөбе қалалары түйіндесе, тізім соңында Алматы облысы жайғасқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!