{metadescription}
Алматы облысында қарияны таяқпен төмпештеген бұзақы ұсталды
Алматы облысында қарияны таяқпен төмпештеген бұзақы ұсталды

Алматы облысында қарияны таяқпен төмпештеген бұзақы ұсталды

Алматы облысында қарияны таяқпен төмпештеген бұзақы ұсталды. Ер адамның зейнеткерді ұрып-соғып жатқан видеосы әлеуметтік желіде кеше тараған болатын.

Болған жәйтті аялдамада тұрған куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Қолына бейсбол таяғын ұстап көліктен шыққан жүргізуші қарт кісіні ұрып жатыр. Көп ұзамай полицейлер Алматы облысының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақының айтуынша, көлігіне зақым келтірген қарияны осылай жазаламақ болған. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Оның сөзіне сүйенетін болсақ, қария адам қолына тас ұстап алып, оның автокөлігіне қарай лақтырған. Содан өш алу мақсатында мен соққыға жықтым деп әлек айтуда. Оның іс-әрекеттері бұзақылық дерегі бойынша қылмыс болып табылады. Ол адам міндетті түрде жауапкершілікті мойнына алады. Болған оқиғаның толық мән-жәйін полиция қызметкері анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде