Жаңаарқада көлігіне киіктің 844 мүйізін тиеп алғандар ұсталды
Қарағанды облысында табиғат қаскөйлері тұтқындалды. Жаңаарқа ауданының 29 жастағы тұрғыны көлігіне киіктің 844 мүйізін тиеп алған. Тергеу кезінде мүйіз саудасымен айналысқан тағы екі сыбайласы анықталды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
07.02.2022
Қызыл кітаптағы жануардың мүйізін саудалағандардың ізіне полиция жедел ақпараттың арқасында түскен. Топтың бір мүшесі көлікке киік мүйіздерін тиеп елдімекеннен шыға берісте тоқтатылды. Тексеру кезінде көлктің салоны мен жүк салғышынан 844 дана мүйіз табылған. Жалпы салмағы 200 келіден асады.
Тергеу мәліметінше күдіктілер мүйіздің бір келісін 70 мың теңгеге бағалаған. Полицейлер күдіктіні топтың басқа мүшелерін сол жерге шақыруға көндірген. Кездесуге келген екі адам бірден ұсталды. Қазір тәртіп сақшылары заңсыз бизнеспен айналысқан топтың қалған мүшелерін анықтап жатыр.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Жүргізушінің екі сыбайласы анықталып ұсталды. Аталған факті бойныша ҚР ҚК 339-бабы, 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясына сәйкес мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!