Шымкент тұрғыны Қырғызстанға 20 тонна сексеуіл өткізбек болған
Қырғызстандық кәуап пісірушілерді сексеуілге қарық қыламын деген азамат қолға түсті. Шымкент тұрғыны Қордай ауданынан көрші елге 20 тонна кептірілген отын өткізбек болған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
07.02.2022
33 жастағы азамат Қарасу көлік өткізу бекетінде құрықталды. Ол қураған сексеулді қапқа салып төбесі жабық жүк көлігіне жасырған екен. Сөйтіп шекарадан жымын білдірмей өткізіп мол ақшаға кенелмек болған. Оның қулығын қордайлық полицейлер әшкереледі. Күдікті отауға рұқсат етілмеген ағашты көрші елдің кәуап пісірушілеріне апара жатқанын мойындаған. Енді ол осы қылмысы үшін түрмеге қамалып, дүние-мүлкінен де айырылуы мүмкін.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыы ПД баспасөз хатшысы:
- Аталған қылмысыты істегені үшін ҚР ҚК талаптары бойынша мүлкі тәркіленіп және бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!