{metadescription}
Елімізде «Спутник Лайт» вакцинасы таусылып барады
Елімізде «Спутник Лайт» вакцинасы таусылып барады

Елімізде «Спутник Лайт» вакцинасы таусылып барады

Елімізде «Спутник Лайт» вакцинасы таусылып барады. Үш апта бұрын 150 мың дозасы жеткізілген ресейлік вакцинаның қазір 16 мың ампуласы ғана қалыпты. Тек ревакцинация үшін қолданатын бұл препарат Алматы, Нұр-Сұлтан және Семейде тапшы. Ал Ақтауда мүлдем таусылған.

Сондықтан мамандар «СпутникV» іздеп сабылмай, оның орнынан қолда бар препаратпен алмастыруға болатынын ескертуде. Тек бірінші салдырған вакцинаны қайталап ектіруге болмайды.

Қарашада ревакцинация науқаны басталғалы алматылықтар белсенділік танытуда. Содан болар екі апта бұрын ғана қаламызға жеткізілген «Спутника Лайттың» 12 мың дозасы таусылуға шақ қалды. Тек қайта иммундауға арналған препараттың екпе салдыру пунктерінде санаулы ампуласы қалды.

№29 Алматы емханасы. Алматы бойынша «Спутник Лайт» вакцинасының бітіп жатқанын денсаулық сақтау басқармасы растады. Мәселен қаламызда ресейлік вакцинаның 100 дозасы қалса, ал бұл емханада небәрі 10-ақ дозасы қалыпты.

Қазір қаладағы емханалардағы тіршілік біраз саябырсыған. Ревакцинацияға келген тек екі-ақ адамды көрдік. Бірі отандық QazVac-ты, екіншісі америкалық «Пфайзерді» салдырмақшы.

Сәбит Сәдуақасов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Үшінші дозасы. Енді өзіміздің елден шығарылатын QazVac-ты алайын деп тұрмын.

Балауса Тұрсынғазы, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өз қалауыммен «Пфайзерді» алып жатырмын. Мен негізі медицина қызметкері болғандықтан науқастармен көп жұмыс істеймін. Өзімнің денсаулығым үшін ревакцинация алып жатырмын.

Қаламызда екпе алғандардың жалпы саны миллионнан асып жығылады. Оның 180 мыңнан астамы үшінші дозасын салыпты. Қазір тұрғындарды қайта иммунизациялауға осындай 119 медициналық орындар жұмыс істеп жатыр. Емханаларда «Спутник Лайттің» тапшылығы туындаса да, өзге вакциналар дайын тұр.

Ақмира Садықова, №29 Алматы емханасының бас дәрігері:

- QazVac бүгінгі күні 90 доза қалды. Бірақ қаладағы қоймада жеткілікті мөлшерде. Негізі ол сарқылмай тұрып жоспар бойынша азайған кезінде кез келген уақытта біз қоймадан алуға мүмкіндігіміз бар. Vero Cell-ден 168 дозамыз бар. «Спутник Лайттан» қаңтар айының ортасында 300 доза алған болатынбыз. Оның бүгінгі күні 10 дозасы ғана қалды. Және «Пфайзер».

Елордада толық иммундаудан 470 мыңнан астам азамат  өткен. Ал  ревакцинацияны 71 мың адам алған. Сонда да астанаға «сары» немесе «жасыл» аймаққа шығудың  ауылы алыс секілді.  «Спутник Лайттың» дозасы өте аз қалған.

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан  қаласы денсаулық сақтау басқармасының  ресми өкілі:

- Ревакцинация үшін Qazvac және де Pfaizer белгілі тұлғалар үшін айтап өтейін, қолжетімді. «Спутник Лайт» вакцианасына келетін болсақ, қазіргі таңда елордада ол аз мөлшерде қалды. 500-дей доза бар. Қоймаға келесі жеткізілімнің келуін біз де күтіп отырмыз. Жалпы барлық жеткізілім министрлік және «СК Фармациямен» бірлесіп жасалады. Сол себепті әзірге белгісіз

Маңғыстау облысы вакцина салдырудан соңғы орында болса да, өңірге жеткізілген кейбір вакцина түрлері таусылуға қараған. Денсаулық басқармасындағылардың айтуынша, арнайы алдырылған 2000 доза «Спутник Лайт» та бітіп барады. Онда да Ақтаудан іздеп таппайсыз деп отыр. Тек  аудандарда ғана бар. Қазір қолданыста ресейлік «Спутник V»-мен қоса QazVаc, VeroCell,  Pfizer вакциналары қорда бар. Өңірге 700 мыңға жуық вакцина жеткізілген. Екпенің бірінші компонентін 212 мың, екінші компонентін 180 мыңнан астам адам алыпты.

Асқар Сағымбаев, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда «Спутник Лайт» та аяқталып, барлығы егілді. Тек аудандарда кішкене қалды. Ревакцинация жалғасуда. Біздің облысымызда 21 емханада ревакцинация 23 556 адамға егілді.

Шығыс Қазақстан облысына коронавирусқа қарсы «Спутник Лайт» екпесінің 21 мың дозасы жеткізілген еді. Бірақ қарашаға жетпей мұқтаждық туындап отыр. Дегенмен мамандар «Спутник Лайттың» орын алмастыратын екпенің жеткілікті екенін айтады. Қазір өңірде 260 мың тұрғын үшінші мәрте екпе қабылдаған.

Бақыт Бауыржан, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

- 21-қаңтардан бастап «Спутник Лайт» вакцинасы медициналық ұйымдарға бөлініп, толық игерілді. Облыс тұрғындарына отандық  және "Веро селл синофарм" вакцинасы қол жетімді. Қайта вакциналауға.

Елімізде вирус жұқтырғандардың саны 1 миллион 300мыңға жетіп қалған. Соңғы тәуліктің өзінде 2 мың тұрғыннан кесел анықталып, эпидахуал біршама тұрақталып келеді.  Соңғы мәлімет бойынша COVID-19-ға қарсы екпені 1 млн 800 мыңнан астам адам алған. Дәрігерлер күн сайын түрленетін вирустан құтылудың бір ғана амалы —  ревакцинация дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде