Қару-жарақ әлі де бұзақылардың қолында жүр — Жамбыл облысы
Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған қару-жарақ әлі де бұзақылардың қолында жүр. Қаскөйлердің көбі суық қаруларды ешкім таба алмайтындай етіп мұқият жасырған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
08.02.2022
Тәртіп сақшылары иісшіл ит жетектеп қаладағы адам қарасы көп бара бермейтін орындарға дейін аралауға мәжбүр. Ал қару-жарақтардың көбі қараусыз қалған ғимараттардың жертөлесі мен зираттарға жасырылыпты. Соңғы рет осы аумақтардан 15 қару мен мыңға жуық оқ-дәрі табылған. Оның үшеуі Калашников автоматы, екеуі аңшы мылтығы және бірнеше тапанша бар. Бұлардың бәрі сот-баллистика сараптамасына жіберілді.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция департаментінен қанша қарудың қолды болғаны сол күйі айтылмады. Белгілісі, күні бүгінге дейін олардың 250-ге жуығы табылған. Ал кейбір тұрғындар қаруды өз еркімен тапсырып жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Қаруды полицияға өткізу акциясы да жалғасуда. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың жасырылған орны туралы хабарлаған немесе полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!