Алматыдағы бейбіт шеруде жұртқа арматура таратқандар ұсталды
Алматыдағы бейбіт шеруді бейберекетсіздікке ұластырып, жұртқа арматура таратқандар ұсталды. Қамауға алынған алты жігіттің жас шамасы 20-24 жас аралығында.
Автор: Асқарбек Қазанғап
08.02.2022
- Арматура тарататын болып шештік. Арматураға келістік. Тегін берді. Төле би көшесі бағытында кетіп бара жатқан шерудегі адамдардың жанына апарып тастаған кезде шерудегі адамдардың оны алғанын көрдік. Ішінде бір 40-50 арматура болды. Соны тастап, Байсеркемен келдік те, төмен қарай түсіп кеттік.
Олар 5-қаңтарға қараған түні Шаңырақ ықшамауданындағы үйлердің бірінде арматураны кесіп дайындаған. Темірдің ұзындығын 70 сантиметр етіп шақтапты.
Қасақана осындай қылмысты жоспарлағандар келесі күні Төле би көшесінің бойында тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура үлестірген. Ұсталғандар енді ҚК 272 бабының екінші бөлігі бойынша, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айыппен тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!