"Алтын орда" былығын енді екі әкім бірігіп ретке келтіруі керек
Бір базардың былығын енді екі әкім бірігіп ретке келтіруі керек. Президент Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне "Алтын орда" базарында екі айдың ішінде тәртіп орнатуды тапсырды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
08.02.2022
«Пайдакүнемдерге майшелпек болған сауда нысанында тиімсіз делдалдықты тоқтатын кез келді», - деп қадап айтты Тоқаев. Әсіресе қаңтар оқиғасы былықтың барын әшкере еткен. «Қажет болса бұл жұмысты реттеуге құқық қорғау органдары да тартылуы тиіс», - дейді президент.
Ең қатаң локдаун кезінде де есігін жаппаған "Алтын орда" базарында тәртіпті қалай орнату қажет деген сұраққа енді екі әкім Үкіметпен бірлесіп басын қатыруға тура келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!