{metadescription}
Утильалым көлемі нақты қаншаға азаяды? Автоөнеркәсіп жайында  
Утильалым көлемі нақты қаншаға азаяды? Автоөнеркәсіп жайында  

Утильалым көлемі нақты қаншаға азаяды? Автоөнеркәсіп жайында  

Елде утильалым көлемі азаяды. Бірақ нақты қаншаға екені әлі белгісіз. Бүгін президент бұл мәселедегі шенеуніктердің шабан жүрісін сынады. Дегенмен көлікті тіркеу кезіндегі түрлі алымға қатысты шектен шығудан аулақ болу қажет деп есептейді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Барлық қаражат мемлекетке түседі. Енді мөлшерлемені анықтау қажет. Жұмыс тобы бұл мәселені белсенді талқылап жатыр. Бірден айта кету керек, утилизациялық алымды қайта қарастырамыз. Бірақ шектен шығудан аулақ болу керек. Бұған дейін автоөнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашып, нарыққа шетелдің ескі-құсқы көліктерін жіберуге болмайды.

Оның үстіне  «бізде құрастыралады дейтін көліктер дайын күйінде келеді деген әңгіме Ақордаға да жеткен екен. Әлеуметтік желіде отандық автоөндірісті сынағандардың пікірі өріп жүр. Мемлекет басшысы бұның қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтауды тапсырды. Тек содан кейін қандай да бір шара қабылдауға болатынын айтты.

Тоқаев утильалымды азайтудағы басты мақсат көлік пен ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімді болуында деді. Осы орайда өндірушілер мен дистрибьюторларға үміт артып отыр. Ал «Автонарыққа жылымық келе ме?» деп елеңдегендерге жағымды жаңалық: жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд. теңге бөлінетін болды. Қаржы эконом санаттағы көліктерді сатып алуға бағытталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде