{metadescription}
Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан алдамақ болған
Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан алдамақ болған

Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан алдамақ болған

Алаяққа алданбаңыз! «Қазақстан халқына» қорының атын жамылып бәз біреулер азаматтарға несие рәсімдемек болған. Екі күннің ішінде 400-ден астам адам осындай шағыммен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарласыпты. 

Алдап-арбап жеңіл ақша тапқысы келгендер қордың ресми сайтын пайдаланады. Азаматтар сауалнаманы толтырғаннан соң экранда өтініш сәтті қабылданғаны туралы жазу шығып, артынша жалған сайтқа бағыттап жібереді. Сол жерде оларға аудио немесе бейне қоңырау шалып, несие рәсімдеуге үндейді екен. Тіпті 1414 нөмірінен смс арқылы осындай хабарлама алғандар да бар. Кейбіреулерді 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек береміз деп алдаған. Әзірге алаяқтардың арбауына түсіп зардап шеккендер жоқ. Олардың ресми сайт пен азаматтар туралы ақпаратқа қалай қол жеткізгені де белгісіз. «Бүгін ғана шағымды естідік» деген қордың өкілдері қауіпсіздікті күшейту үшін жұмыс істеп жатырмыз дейді.

Әлібек Әбділов, «Қазақстан халқына»  қорының ресми өкілі:

- «Қазақстан халқына» қоры ешқандай аудио, бейне қоңырау шалмайды. Және әлеуметтік төлемдерге ешқандай қатысы жоқ. Тек қана бір байланыс құралымыз бар: qazaqstanhalqyna.kz және atamekenim.kz.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде