Депутаттар «Жаңа Қазақстан» тобын құратын болды
Президенттің реформаларын орындауға шындап кіріскен депутаттар «Жаңа Қазақстан» атты топ құратын болды. Олар бұл бастамасын бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ресми жариялады.
Автор: Әзиза Төленби
09.02.2022
Әзірге бұл идеяны төменгі палатаның 31 мүшесі ғана қолдаған. Жаңашыл топ барлық саяси партия және наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын.
Мәжілісмендер келесі аптадан бастап өңірлерді аралауға шығады. Бірақ ауыл-аймаққа жалғыз барғысы келмейді. Халық қалаулылары қасына министрлерді ертіп алуға ниетті. Олар бүгін Үкімет мүшелеріне осындай ұсыныс жасады. Халықтың мәселесін жылы кабинетте емес, ауыл мен ауданға барып тыңдағанда ғана шешіледі дейді мәжілісмендер.
Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:
- Бір ай өтті, Үкімет өз деңгейінде еңбектеніп жатқан болар, бірақ ол жөнінде халқымыз хабарсыз. Алдыңғы Үкіметтің басты проблемасы өздерінің іс - қадамдарының логикасын, бағыт-бағдарын қоғамға түсіндіре алмады. Жабық стильде жұмыс істеді. Депутаттармен бірге облыс, аудандарға шығыңыздар. Халықпен бірге ақылдасайық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!