{metadescription}
Мәжілісмендер ұлттық банкті алыпсатарлықпен айналысты деп айыптады
Мәжілісмендер ұлттық банкті алыпсатарлықпен айналысты деп айыптады

Мәжілісмендер ұлттық банкті алыпсатарлықпен айналысты деп айыптады

Ұлттық банктің интервенцияларға жұмсаған ақшасы денсаулық сақтау және білім министрліктерінің шығындарымен тең екен. Мәжілісмендер бүгін еліміздің орталық банкін алыпсатарлықпен айналысты деп айыптады.

Еркін айналымға жіберілген ақша мемлекет резервісінен  алынғаны және оған ведомствоның көз жұма қарап үндемейтіні депутаттардың ашуына тиді.

Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:

- Елімізге резервтер елдің қажеттілігі үшін жеткілікті импорт көлемін қамтамасыз ету және сыртқы қарыздар бойынша төлемдерге кепілдік беру үшін қажет. Осының өзі валюта бағамын тұрақтандыратын мықты фактор. Өкінішке қарай теңге бағамының тұрақтылығы оның тұрақты құлдырауын білдіреді. Ұлттық банктің сөзі мен ісі арасында қайшылық туындайды. Еркін нарық бағамын декларациялай отырып, ұлттық банк белсенді түрде әрі кімнің пайдасына екені белгісіз, интервенциялар жүргізеді. ұлттық банктің орындауындағы еркін құбылмалы бағам елес сияқты,  бәрі ол жөнінде айтады, бірақ оны ешкім өз көзімен көрмеген.

Биыл 12-13-қаңтарда ұлттық банк 240 миллионнан астам доллар интервенция жасаған. Бұған қаңтардағы қақтығыстар себеп болғанға ұқсайды. Өйткені сол кезде сауда-саттық болмаған. Одан кейін қаржы нарығын реттеуші орган интервенция жасамапты. Қара алтынның құны өскенімен, қаңтарда теңге бағамы 433,52 болды. Бұл АҚШ долларының жаһандық нығаюын, негізгі сауда серіктестері валюталарының әлсіреуін көрсетеді.

Ал ақпан айынан бастап төл ақшамыз 1,3 пайызға нығайып, 427 теңге 95 тиынға жетті. Депутаттардың айыптауларына ұлттық банк алдағы уақытта жауап бермек. Әзірге ведомство теңгенің нығаю себебін былай деп түсіндірді.

Аян Шаймұхамбетов, ҚР Ұлттық банкінің қызметкері:

- Ұлттық валютаның оң динамикасына әсер еткен факторлар ең алдымен мұнай бағасының өсуі. Ол қалыпты межеден асып барреліне 90 доллар болып тұр. Және Украинадағы жағдайға байланысты геосаяси тәуекелдің төмендеуі. Соның әсерінен рублдің бекуі. Ай басынан бері 3 пайызға бекіген. Ұлттық валютаға қосымша көмек болып тұрған саяси тұлғалардың қараша, желтоқсан айларынан кейін шет ел валютасына деген сұранысының төмендеуі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.