{metadescription}
Бердібек Сапарбаев иті өлген белсендіге басу айтамын деп басы дауға қалды
Бердібек Сапарбаев иті өлген белсендіге басу айтамын деп басы дауға қалды

Бердібек Сапарбаев иті өлген белсендіге басу айтамын деп басы дауға қалды

Жамбыл облысының әкімі өлген итін әкімдіктің алдына құшақтап барған белсендіге басу айтамын деп басы дауға қалды. Анау-мынау айғай-шуда көріне бермейтін Бердібек Сапарбаевтың дәл осы жерде сыртқа шығып төбе көрсетуі қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Тіпті шенеунік итті «заңсыз өлтіргенсіңдер» деп ветеринария басқармасының басшысын жерден алып жерге салған.

Иті үшін етегі жасқа толған әйел әлеуметік желі белсендісі, хәм жануарлар қорғаушысы. Оның айтуынша, ешкімге зияны жоқ аулада жүрген жануарды ветеринарлар өлтірген. Жағдайдың қалай болғаны видеодан анық көрінеді. Мамандар алдымен итті алдап қолға түсіріп, кейін темірмен шетке сүйреп әкетеді.

Персиктің өлексесін Жанна Мамашева ерінбей облыстық әкімдіктің алдына жеткізіп, бұл іске аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың араласуын талап етеді. Қайғырған әйел облыс пен қала әкіміне және ветеренария басқармасы басшысына мұңын шағып тұр. Ол шенділерге мамандардың итті заңсыз өлтіргенін тәптіштеп түсіндіруде. Бәрін мұқият тыңдап болған Бердібек Мәшбекұлы жауаптыларға дүрсе қоя берді. 

- Екеуің де кінәлісіңдер. Шаш ал десе бас аласыңдар.Сендерге бәрін атыңдар, қырыңдар деп ешкім айтқан жоқ қой. Сендер әуелі мынаның адамға зияны бар ма, жоқ па, соны анықтауларың керек еді. Балаларды қаба ма ,жоқ па? Ауру ма, жоқ па? Одан кейін иесі бар-жоғын іздеу керек еді.

Әдетте шулаған халықтың алдына шықпайтын облыс әкімінің дәл осы жағдайда төбе көрсетуін бұқара өткір сынға алды. Әлеуметтік желіде шенеуніктің бұл ісін құптамағандар оны жерден алып жерге салды. Ал ветеринария басқармасының басшысы өлген итін құшақтаған Жанна Мамашева үшеуіміздің жоспарлы жиынға бара жатқанымызды алдын ала біліп, алдымыздан әдейі шықты деп отыр.

Нұржас Құрмантаев, Жамбыл облысы ветеринария басқармасының басшысы:

- Бұл иттің не паспорты жоқ, мойнында қарғыбауы жоқ, чиптелмеген. Сол себептен аталған итті қаңғыбас деп санап, аулау жұмысы жүргізілген.

Нұржас Құрмантаев: «Жануарға оқ атылған жоқ, дәрі де берілмеді», - дейді. Бірақ қалай өлгенін өзі де түсіндіре алмады. Ал қаңғыған итке қайғырған желі белсендісі қазір Алматыда жүр. Ол жануарды мамандар «улап өлтірді» деген сенімде. Бұл дерек дәделденсе, кінәлілерді сотқа сүйремек.

- Ветеринарлардың істегені жауыздық. Мен бұл істі жай қалдырмаймын. Мен қазір Алматыдамын, тәуелсіз сараптамадан өткіземін. Соның қорытындысымен сотқа жүгінемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде