Ковид-19: 410 науқастың жағдайы ауыр
Елімізде өткен тәулікте 3231 адамнан коронавирус анықталды. Оның ең көбі - Алматы қаласында тіркелген. Шаһарда бір күнде мыңға жуық адамның сынамасы оң нәтижені көрсеткен.
Автор: Салтанат Шырынхан
09.02.2022
Ал ең аз көрсеткіш «жасыл» аймақтағы өңірлерде. Шымкент қаласында бір күнде 30, Жамбыл облысында 42 тұрғын індетке шалдықса, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау өлкесінде ауру жұқтырғандар саны 20 адамнан кем. Аталған өңірлерде карантин талаптары да айтарлықтай жеңілдетілген.
Бүгін тағы Алматы мен Ақтөбе облысы «қызыл» аймақтан шығып, коронавирус таралуы бойынша қауіптің орта деңгейіне орнықты.
«Сары» жолақта Атырау облысы бар. Қалған екі қала мен 7 облыс эпидкартада әлі де «қызыл» түске бояулы.
Республика бойынша ауруханада емделіп жатқан 410 науқастың жағдайы ауыр. Оның 100-ден астамы жасанды желдету аппаратына қосылған. Алты құрлыққа ауыз салған кеселді жалпы бүгінге дейін 1 миллион 280 мыңға жуық отандасымыз жұқтырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!