{metadescription}
Ауа райы: Республикамыздың басым бөлігінде аяз күтіледі
Ауа райы: Республикамыздың басым бөлігінде аяз күтіледі

Ауа райы: Республикамыздың басым бөлігінде аяз күтіледі

Ақпанның ақтүтек бораны енді басталады. Синоптиктер республика аумағына суық антициклонның келе жатқанын ескертеді. Минус 33-35 градусқа дейін баратын үскірік аяз әсіресе еліміздің шығыс және солтүстік аймақтарында сақталады деп отыр.

Алдағы күндері республикамыздың басым бөлігінде аязды ауа райы күтіледі. Мәселен, солтүстік-батысқа ылғалды циклон келе жатыр. Онда жаңбыр аралас қар жауады.

12-ақпанда оңтүстікте нөсер жауынмен қоса жел тұрып, көктайғақ болады. Ең суық саналатын солтүстікте термометр бағанасы күндіз 2-10 градусқа дейінгі төмендейді. Үш күнге жасалған болжам айдың аяғына қарай тағы қайталанады.

Кейбір өңірде жауын-шашын мен қар қайта борайды. Батыста қарлы боран, оңтүстікте жаңбырмен қоса шаңды дауыл соғады.

Шығыс Сібірден келетін суық циклонның әсерінен сынап бағанасы да төмен түсіп, батыс және солтүстік-батыста түнде 12-22 градус, күндіз 3-10 градусқа дейін аязды болады.

Ал солтүстікте термометр көрсеткіші түнде 20-35 градус, күндіз 13-18 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстіктің өзінде минус 8-15 градусқа дейін күн суытады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде