Теміртауда көпқабатты 20 үй газсыз қалған
Теміртауда көпқабатты 20 үй газсыз қалды. Тұрғындар асты электр құрылғысында дайындауға мәжбүр. Өйткені президенттің газ бағасын төмендету туралы жарлығынан кейін қаланы сұйық отынмен қамтамасыз етуші компанияның жұмысы тұралаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
09.02.2022
Анна Шилина Теміртау қаласының тұрғыны:
- Әрине ауыр. Біз газға әбден үйреніп қалғанбыз. Ақысы да қымбат емес, айына 215 теңге төлеймін. Зейнеткерлерге қолайлы. Енді электр пешін қосып жатырмыз. Мұның бағасы өте қымбат.
Қазір Теміртаудағы орталық газға қосылған көпқабатты үйлердегі көрініс осындай. Тұрғындар амалдың жоқтығынан ас-ауқатын электр плитаға дайындап жатыр. Бұл қалтаға кәдімгідей салмақ түсіреді. Ал қаланы газбен қамтушы компания 2017 жылдан бері тарифті көтеруге рұқсат ала алмай жатырмыз дейді. Өйткені газдың көтерме бағасы өсіп жатыр дейді. Күнін тек көліктерге және баллондарға құйылған газды сатумен көріп жүргенін айтады. Ал сұйытылған газ бағасын түсіру туралы жарлық жұмысын тіпті тұралатқан. Еңбек ұжымына жалақы төле алмай, көбі жұмыстан шығып кетіпті. Ақыры қаладағы газға қосылған 74 үйдің жиырмасына қызмет көрсететін маман жетіспей тығырыққа тірелдік дейді.
Анастасия Головченко «Темір-Газ» ЖШС заңгері:
- «Теңізшевройл» компаниясынан бір тоннасын 192 мың теңгеге сатып аламыз. Сонда бір келісі 192 теңге. Тапсырмаға сейкес бір келісін 96 теңгеден сатуға мәжбүрміз. Таза шығынға жұмыс істеп жатырмыз. Жалақы төленбеген соң өткен аптада ғана 10 адам бірден жұмыстан кетті. Бұл мәселені қалай шешерімізді өзіміз де білмей отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!