{metadescription}
Бейжің Олимпиадасы: Жүлде де, жақсы нәтиже де жоқ
Бейжің Олимпиадасы: Жүлде де, жақсы нәтиже де жоқ

Бейжің Олимпиадасы: Жүлде де, жақсы нәтиже де жоқ

Жүлде де, жақсы нәтиже де жоқ. Қытайда жалауын желбіреткен қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні аяқталды. Алайда Қазақстан құрамасының спортшылары медаль тұрмақ, алғашқы ондыққа да іліге алмай жатыр. Дүбірлі додада үкілеп үміт артқан қыз-жігіттеріміз бірінен кейін бірі сүрінуде.

Спорт сарапшылары Бейжіңде қоржынымыздың толмауы осы саладағы былықтың көрінісі деген пікірде. Олар елімізде қысқы спорт түрлеріне қыруар қаражат бөлінгенімен, миллиардтар тиісті жеріне жетпейді деп қынжылады.

Төрткүл әлем көз тіккен Бейжің Олимпиадасының бесінші күні аяқталды. Бүгін алғаш болып тау шаңғысынан әйелдер арасындағы жарыста Александра Троицкая бақ сынады. Алайда слалом бәсекесінде отандасымыз мәреге де жете алмай сүрінді. Көп ұзамай шаңғы қоссайысында Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетіп, ұпай санымен 39 орынға жайғасты.

Ал шорт-тректен мұз айдынына шыққан Әділ Ғалиахметов ел намысын абыроймен қорғауға тырысты. Ол барын салып 1500 метрлік жүргіруден жартылай финалға жолдама алды. Осы сайыста сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Денис Никишаның жолы болмады.

Қазақстан құрамасының қоржыны әлі бос. Спортшыларымыз жүлде тұрмақ, алғашқы ондыққа да іліге алмай жатыр. Спорт журналисі Несіп Жүнісбай қыз-жігіттерімізге енді жүлденің ауылы алыс деп есептейді. Өйткені сенім артқан саңлақтарымыз ә дегеннен сүрінді. Ал олардың ізбасарларын тәрбиелеп, мықтыларға жол ашуға жауапты комитет құлықсыз көрінеді. Қысқы спорттың дамуына жемқорлық пен инфрақұрылымның жоқтығы да тұсау болып тұр дейді спорт қайраткері.

Несіп Жүнісбай, спорт журналисі:

- Спорт құрылыстарын көбірек салу керекпіз. Осындай ірі жарыстан төмен қарап қайтпау үшін талантты спортшыларды табуымыз керек. Құрығанда екі жылда бір іріктеу жарыстарын өткізіп тұру керек. Басты жауымыз —  парақорлық. Ол спорт саласында тіпті кең әсер алады. Жаңа билік қысқы спорт түрлерін шын мәнінде қолына алмаса, әр төртжылда миллиардтарды суша ағызып, жер тырмалап отыратын боламыз.

Сарапшылар Қазақстанда қысқы спорт түрі кенже қалған, насихаты төмен екенін де жасырмайды. Оған қоса төртжылдықтың басты додасына аттанған 34 спортшының бойында жеңіске деген жігер байқалмайды. Дайындықтары да көңіл көншітпейді. Өте төмен нәтиже көрсеткен өрендеріміздің айтар себебі мен сылтауы да көп.

Жалпы бес күн бұрын алауы тұтанып жалауы желбіреген қысқы Олимпиада ойындарына 91 мемлекеттің спортшылары қатысып жатыр. Жаһандық жарыста 109 медаль сарапқа салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде