Ұйымдасқан қылмыстық топтардың серкелері тұтқындалды
Еліміздің бірнеше қаласында арнайы операция жүргізген күш құрылымдары ұйымдасқан қылмыстық топтардың серкелерін тұтқындады. Ұсталғандардың барлығы қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысы бар дейді полицейлер. Ал қолға түскен күдіктілерден қисапсыз қару тәркіленіпті.
Автор: Мақсат Мәлік
10.02.2022
Марат Төлеуханов, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Жүргізілген арнайы операциялар кезінде екі Калашников автоматы, төрт ПМ тапаншасы, төрт Глок тапаншасы, ТТ тапаншасы, помпа мылтық, автоматты мылтық, Сайга-410 тегіс ұңғылы карабині, Оса травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130-дан астам оқ-дәрі тәркіленді.
Күш құрылымдары арнайы шараны Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қаласында өткізген. Ұсталғандардың арасында қылмыс әлемінің серкелерінен бөлек, сол топтың белсенді мүшелері де бар. Бірақ құқық қорғау өкілдері қанша адамның қолына кісен салынғанын айтқан жоқ. Алайда тәртіп сақшылары олардың барлығы қаңтардың 4-8 аралығындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан дейді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!