Әскерге барғандар әлеуметтік жеңілдіктерге ие болуы мүмкін
Әскерге барғандарға әлеуметтік жеңілдіктер жасалынуы тиіс. Ал сын сағатта қарулы күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады.
Автор: Әзиза Төленби
10.02.2022
Сенаторлор командалық-штабтық жаттығуларды сәтті өткізіп, қаңтарда өз әлеуетін көрсете алмаған Қазақстан әскерін нығайтудың жолдарын ұсынды.
Былтыр Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс болған 215 мың азаматтың басым бөлігі әскерге бармаған. Жас жігіттердің арасында себепсіз босатылғандар жетерлік. Мұны Сенат депутаттары әскери міндеттен жалтару деп біледі.
Қазір әскерге шақырылған 40 мыңға жуық жас іздестіріліп жатыр. Өкініштісі, оларға заң қауқарсыз. Қазақстанда әскери комиссариаттың шақыртуын елемегендер жауапқа тартылмайды, тек айыппұлмен құтылады. Жігіттердің жүрдім-бардым қарайтынының себебі де осы екен. Бүгін депутаттар әскерден қашқандарды жазалауды емес, ынталандыруды ұсынды. Арнайы жинақтау есепшот ашу, әлеуметтік бағдарламаларға қатысса, ұпай қосу, отбасының коммуналдық төлемдеріне жеңілдік жасау жоспарланған.
Бекболат Орынбеков, Сенат депутаты:
- Оқуға түсу, емтиханын тапсыру кезінде қосымша балл түріндегі жеңілдіктерді немесе әскери кафедрада білім алуға жұмсалатын мемлекет шығынына тең мөлшердегі жеңілдіктер беру. Жоғары оқу орнының бюджеттік бөліміне жеңілдікпен түсу. Бұл ретте оқуға түсу емтиханын әңгімелесумен ауыстыру немесе жалпы білім пәндері бойынша емтихандардан босату.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!