{metadescription}
Тараз қаласы әкімі орынбасарының ішімдік ішкені анықталса ...
Тараз қаласы әкімі орынбасарының ішімдік ішкені анықталса ...

Тараз қаласы әкімі орынбасарының ішімдік ішкені анықталса ...

Тараз қаласы әкімі орынбасарының мәселесін мемлекеттік қызмет істері агенттігі май-шаммен қарайтын болды. Әлеуметтік желіде шенеуніктің мас адамша теңселіп былапыт сөз айтқан видеосы тараған еді. Егер оны ішімдік ішкені анықталса, қызметінен қуылуы мүмкін.

Видео кешеден бері желіде қызу талқыланып жатыр. Жағаласқан екі азаматтың бірі Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев, ал екіншісі қала әкімінің кеңесшісі Нұрбол Қожықов болып шықты. Әкімдіктегілер бұл екі жарым ай бұрын болған жағдай дейді.

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, Асхат Есеналиев бір мердігермен сөзге келіп қалған. Жанжалдың нақты қай жерде болғаны белгісіз. Ал кеңесші екеуін ажыратып жүріпті. Бұлардың ішімдік ішкен-ішпегені де белгісіз. Бір анығы, әкім орынбасары қызметін жалғастыруда, ал кеңесшісі Нұрбол Қожықов он күн бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен. Оның лауазымынан босатылуына болған жағдайдың еш қатысы жоқ дейді әкімдік қызметкерлері.

Зарина Қуатова, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі:

- Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев осы қызметке 2020 жылдың 26 сәуірінде тағайындалған. Ал видеодағы жағдай оның ары қарайғы қызметіне қаншалықты әсер ететінін мемлекеттік қызмет істері агенттігі шешеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.