{metadescription}
«Жаңа Қазақстан» президент тапсырмаларының 100% орындалуын қадағалайды
«Жаңа Қазақстан» президент тапсырмаларының 100% орындалуын қадағалайды

«Жаңа Қазақстан» президент тапсырмаларының 100% орындалуын қадағалайды

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мәжілістен бөлініп, жаңа саяси партия құратын ойы жоқ. «Үй ішінен үй тігіп» емес, керісінше, Парламентті трансформациялауға ниетті. Белсенділер президент тапсырмаларының 100 пайызға орындалуын қадағалап, төменгі палатаға келетін болашақ депутаттарға жаңаша үрдіс қалыптастырып беруді көздейді.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобына 31 мәжілісмен топтасқан.

 Nur Otan партиясына мүше үш депутат: Еділ Жаңбыршин, Айдос Сарым, Наталья Дементьева төрағалық етеді. Топқа қосылуға өзге де халық қалаулылары ниетті екен. Депутаттық топтың парламенттік тыңдау ұйымдастыруға, депутаттық сауал жолдауға, кез келген үкіметтік ұйымның басшысын шақыруға, одан есеп алуға, құжаттарын сұратуға хақысы бар.

Алғашқы жұмыстарының нәтижесі он күннен кейін көрінеді деген депутаттық топ Қорғас, утильалым, Алматыдағы «Алтын орда» базары сынды түйткілді мәселелерді майшаммен қарап, тіпті сол орындарға барып жағдайды көзбен көрмек. Қазіргі ел билігінің қабылдаған саяси шешімдеріне үн қоспақ.

Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:

- Бір айдың ішінде талай нәрсеге көзіміз ашылып жатыр. Талай нәрсені басқаша шешу керек екенін, мүмкін екенін көріп отырмыз ғой. «Батпандап кірген нәрсе, мысқалдап шығады» деген қазақтың мақалы бар. Меніңше, ол жалғыз президенттің қолынан келетін шаруа емес. Бүкіл қоғам болып араласуымыз, қадағалауымыз керек. Әсіресе осындай түйткілді, осы авторитаризмге, монополизацияға, олигополияға алып келген мәселелермен қоғам ретінде белсенді күресуміз қажет және олардың қарсылығы болатындығын да түсінуге тиіспіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде