{metadescription}
Алматыдағы «Бақ Орда» кәсіпкерлері жалдау ақысына наразы
Алматыдағы «Бақ Орда» кәсіпкерлері жалдау ақысына наразы

Алматыдағы «Бақ Орда» кәсіпкерлері жалдау ақысына наразы

Алматыдағы «Бақ Орда» сауда орталығының кәсіпкерлері наразылыққа шықты. Олар басшылықтың жалдау ақысын бір-ақ күнде екі есе көтерген шешіміне қарсы. Автобөлшек саудасымен айналысатындар сауда жоқ кезде салықты көтеру — шағын кәсіпкерлікті тұншықтыру деп, президентке хат дайындап жатыр. 

Ұлардай шулаған 50-ден астам адам «Бақ Орда» сауда орталығының кәсіпкерлері. Әрқайсысының бір-бір автобөлшек сататын дүкені бар. Сауда орындарының шаршы метріне бұған дейін 2 мың теңгеден төлеп келген. Осыдан үш күн бұрын орталық әкімшіліктің қараптан-қарап бағаны екі есе көтеріп жіберген хатын көргенде халықтың төбе шашы тік тұрыпты.

Сембек Нұрғұлов, кәсіпкер:

- Дүйсенбі күні 4 мың теңгеден наурыз айынан бастап төлейсіздер деп жазылған бұйрықты көрдік. Төбемізден тас түскендей болды. Күніне 1 мың теңге жасамайтын адам бар. Ол 4 мың теңгеден шаршысына қалай төлей алады? Шамасына қарау керек. Екі мың теңгені төлей алмай жатқан адамдар бар.

«Бақ Орда» сауда орталығының ішіне кірдік. Бірен-саран адам ғана жүргені болмаса, былай тып-тыныш. Кәсіпкерлердің басым көпшілігі автобөлшектерді сатады.

Баян Рақымова, кәсіпкер:

- Міне, сағат 12 болды, әлі бір нәрсе сатқан жоқпын. Сауда жоқ. Әкімшілік жалға алуды көтеріп жатыр. Бұрын шаршы метріне 2 мыңнан төлесек, қазір 4 мыңнан дейді. Мына екі дүкен менікі. Сол екеуіне айына 150 мың төлеп отырғанбыз. Оның өзін әрең шығаратынбыз. Қазір 300 мыңды, білмеймін енді, қалай төлейтінімді. Менің ойымша өте көп сома. Сұмдық қой!

Жұрттың өкпе-назын естіп қарбаласты сырттай бақылап тұрған базар басшысы да төмен қарай келіп түсіп, жалдау ақысының көтерілуінің себептерін тізіп берді.

Зәуре Сапажанова, «Бақ Орда» сауда орталығының басшысы:

- Мынандай бәлембай ненің барлығын ұстап отыру да. Мысалы, менің өзімде де жарығым бар. Күзетшім бар. Мен күзетшілерге де ақша төлеуім керек. Олар да 50 мың алады. Сондықтан сол бір қатарды көтеріп отырмыз.

Алайда кәсіпкерлер құлаққа қонымсыз айтылған сылтаудың шикілігі бар деп отыр.

Ғалым Зәкіров, кәсіпкер:

- Ал бұл кісінің алатыны 6 аула сыпырушы. Жарайды, тағы 6 күзетші. Сонда алдындағы 100 орыннан есептеңіз. Мейлі, тыңдаңыз. Сіздің сөзіңізді бөлген жоқпын. Менен 100 мың теңге бір сыпырушыға. Сонда қалғаны қайда кетеді? Соған жауап берсінші маған.

Басшыдан бұл сұраққа жөнді жауап ала алмадық. Өзіне шаң жуытпаған ол бұл мәселеге құрылтайшы жауап береді деп құтылды. 

Зәуре Сапажанова, «Бақ Орда» базарының басшысы:

- Сол кезде хат жазуға келіскенбіз. Хат жазып беру керек. Өздерінің өтініш дегенін жазып беру керек болатын. Бұл кісілерді мен құрылтайшымен сөйлестіре алмадым 23-іне дейін келетін болғандықтан. Сол күнге даярлатқызып, хат жазыңыздар, сол күнге дайын отырыңыздар дегенмін. Араларынан екі-үш адам шықсын. Отырып сөйлессін. Қандай бағаға келіседі.

Енді кәсіпкерлер құрылтайшының келуін тағы екі апта күтуіне тура келеді. Алайда әбден ашынған саудагерлер мәселе шешілмесе, президентке хат жазып, шағын кәсіпкерлерді қанауды тоқтатуды сұрамақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде