«Русское радио Азия» мен "Еуропа + Қазақстан" тікелей эфирге оралды
Бір айдан кейін тікелей эфирге қайта оралды. Бүгін «Русское радио Азия» мен "Еуропа + Қазақстан" араға осындай уақыт салып тыңдармандарымен қауышып отыр. Өйткені қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңындағы ғимарат бүлініп, радиолар уақытша жұмысын тоқтатқан болатын.
Автор: Мақсат Мәлік
10.02.2022
- «Русское радио» тікелей эфирлері және шығармашылық ұжым эфирге оралды. Алақай, біз де сізді сағындық! Ендеше «Русское радионы» өз қалаңыздан табыңыздар!
Қазір жөндеу жұмыстарынан кейін радионың бүлінген кеңсесі қалпына келтіріліпіп, студия жаңартылды. Көңілді жүргізушілер таңнан бері тыңдармандарына жалынды сәлем жолдап, қос радионың тіршілігі қыз-қыз қайнап жатыр. Алғашқы күндері эфир мүлде тоқтаған еді. Жүргізушілер осы уақыт ішінде қарапайым тыңдармандар қолдау білдіріп, тікелей эфирде шығатын түрлі бағдарламаларды асыға күткенін айтады. Ал біраз үзілістен кейін жұмысқа қайта кіріскен шығармашылық топ халықты талай қызықтар күтіп тұр дейді.
Аяна Ғабдуллина, радио жүргізушісі:
- «Русское радио», сонымен қатар «Европа плюс» өзінің тікелей эфирлеріне оралды. Жай ғана бір ай демалған жоқпыз, үлкен дайындықпен келдік. Ең алдымен «Русское радиода» миллион теңге ойнатылады. Сонымен қатар ыстық елдергі, Дубайға жолдама ойнатылып жатыр. «Стол заказов», таңғы бағдарламаның бәрінде тікелей эфирде ойнатылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!