{metadescription}
Татарстан Президенті Тоқаевты «Дуслык» орденімен марапаттады
Татарстан Президенті Тоқаевты «Дуслык» орденімен марапаттады

Татарстан Президенті Тоқаевты «Дуслык» орденімен марапаттады

Татарстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Дуслык» орденімен марапаттады. Минниханов қазақ мемлекетінің басшысына бұл марапатты екжақты ынтымақтастықты дамытуға, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берген.

Ресейдегі жұмыс сапарының екінші күнінін Татарстанда жалғастырған Қазақстан президентін әуежайдан Рустам Минниханов қарсы алды. Алдымен екі елдің президенті Қазан кремлін аралады. Бірегей тарихи кешен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген. Қазан кремлі аумағындағы Құл Шариф мешіті мен Благовещенский соборы да мемлекет басшыларының назарынан тыс қалмады. Қазандағы көрікті орындарды аралаған Қасым-Жомарт Тоқаев кейін Татарстан басшысымен екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәскеуде өткен табысты келіссөздерге де тоқталды. 

Қазақстан басшысы алдағы уақытта Ресеймен арадағы өндірістік байланыс кеңейе түсетіндігінін Путинмен бірлескен мәлімдемесінде айтқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бұл бағытта елдеріміз қазірдің өзінде 13 ірі жобаны іске асырды. Бүгінде құны 2,5 миллиард доллардан асатын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек инвестициялық құны шамамен 1,5 миллиард доллар болатын тағы 11 жоба әзірленуде. Келіссөз кезінде Владимир Путинге бұл жобалардың бәрі менің жеке бақылауымда екенін айттым. Олардың бәрі жаңа жұмыс орындарын ашуға, елдеріміздің өнеркәсіп және технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Өңіраралық ынтымақтастықтың да пайдасы зор. Екі ел арасындағы сауда айналымының шамамен 70 пайызын өңірлеріміз арасындағы өзара тиімді сауда-саттықтың үлесі құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде