{metadescription}
Елордалық депутат көпбалалы аналарды балағаттады
Елордалық депутат көпбалалы аналарды балағаттады

Елордалық депутат көпбалалы аналарды балағаттады

Елордалық депутат, ірі құрылыс компаниясының басшысы көпбалалы аналарды балағаттады. Аяқ астынан дүрсе қоя берген әйелдердің ісіне Ғабит Сәтмағамбетов ашуланған көрінеді. Жаға ұстатарлық жағдай қала әкімдігінде болды. Жағдайын айтпақ болған аналарды тыңдаудың орнына бейәдеп сөз қайтарған.

- Вот-вот, еще один депутат сбежал. Сбежал. Сюда подойдите. Сюда. Сюда давай. Не надо себя так вести. Идите в задницу.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бейнежазбаға қатысты мәслихат депутаты тек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді. Айтуынша, көпбалалы аналар әдейі арандатқан. Әйтпесе Ғабит Сәтмағамбетов сол әйелдерге көмектесуден кенде емес екен. Ол басқаратын құрылыс компаниясы қоғамның осы топ өкілдеріне бүгінгі күнге дейін 20 баспана сыйлапты. Ауру балалардан да ақша аямадым депті депутат. Енді мына жағдайдан кейін құрылыс магнаты көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасаудан бас тартпақ. Сәтмағамбетовтің әрекетіне мәслихаттағы әріптестері үн қатқан жоқ.

Ғабит Сәтмағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты:

- Мен, Ғабит Сәтмағамбетов қайырымдылық қорының иесі ретінде, көпбалалы аналарға қандай да бір қайырымдылық көмек көрсетуді тоқтатамын. Олардың осындай қарым-қатынасынан кейін, менің көмектесуге деген ниетім қалмады. Кідіріс жасаймын деп шештім. Өздеріңіз таразыға салып көріңіздер. Көп рақмет!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде