{metadescription}
Алматыда жедел жәрдем жүргізушілері наразылыққа шықты
Алматыда жедел жәрдем жүргізушілері наразылыққа шықты

Алматыда жедел жәрдем жүргізушілері наразылыққа шықты

Алматыда жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері наразылық білдіруге шықты. Бір апта бұрын фельдшерлердің жалақысы өскенін естіген олар, өз айлықтарын да 30 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Өйткені ай сайын алатын 150 мың теңге жыртығымызды жамауға жетпейді деп ашынады.

Тіпті жұмыста бұзылып қалатын қызметтік көліктерді де қалтамыздан қаражат шығарып жөндеуге мәжбүрміз дейді. Алайда басшылығы жүргізушілердің еңбекақысын көтеруге еш негіз жоқ екенін айтады.

Жиналған жедел жәрдем жүргізушілері таңдарын науқастарды тасумен емес, басшылықпен кездесуден бастады. Олардың қалауы мен сұрауы — бір. Қазіргі 150-160 мың теңге шамасындағы айлықтарын көтерту. Өйткені бүтін бір отбасын асырап отырған азаматтар тапқанымыз тамағымыздан артылмайды дейді.

Сәбит Боранбаев:

- Жалақымыз, жетпейді. Қазір нан, барлығы қымбаттады. Бір мөшек ұн 8 мың теңге тұрады. Жүргізушілердің әрқайсысының 5-6 баласы бар. Қазір супермаркетке бір кіріп шықсаныз 150 мың теңге жетпей де қалады. Барлығында несие бар.

Жалақы жайындағы әңгіме осыдан бірнеше күн бұрын басталған. Яғни фельдшерлердің айлығы көтерілгенін естіген жүргізушілер де еңбекақысын ларын сұрапты. 36 жастағы

Бақыт Ибрагимов күн-түн демей шақыртуға шығып жүргендердің бірі. Төрт жылдан бері жедел жәрдем көлігін де өз қалтасынан жөндеп, жылдар бойы киген жұмыс формаларының тоз-тозы шыққанын айтып шағымданды.

Бақыт Ибрагимов:

- 200ден асырып, сол 250 сол медиктермен бірге фельдшерлермен бірге бірдей болсын деп.2-3 күн бұрын бастығымыз подстанциямызға келіп, жиналыс жасап кеткен. Медиктерге жалақы көтеріледі деп айтқан. Жүргізушілердікі көтерілмейді. Көлігіміз бұзылса, мына жерге келеміз де, машина жөндейміз. Бөлшектерді өзіміз сатып аламыз. Оған ешқандай ақша берілмейді. Чекті әкеліп берсек, оның қайда жоғалып кететінін білмейміз.

Ал жедел жәрдем басшылығы жүргізушілердің айтқан арыздарын жоққа шығарып отыр. Қызметкерлерінің орташа табысы 200 мың теңгені құрайтынын және бұның өзі жүргізушілер үшін көп екенін айтты.

Ербол Сәрсенбаев, Алматы қаласы медициналық жедел-жәрдем қызметінің директоры:

- Ұйымның 2019-2021 жылдар аралығында жүргізушілерге бір жарым миллион теңгеден астам артық жалақы төлегені анықталды. Қазір 1193-ші жарлыққа сәйкес төлейтін болсақ, олардың айлығы тіптен төмен шығады. Өйткені ол жақта тариф түрі басқаша көрсетілген. Сол себепті жүргізушілер осыған қанағат тұтқаны абзал. Ешкімді негізсіз жұмыстан шығармаймыз және айлықтары көтеріледі деп те айта алмаймыз.

Қалалық жедел жәрдем қызметінде 900-ден астам жүргізуші бар. Олар бір тәулік жұмыс істеп, үш күн демалады. Ал ай сайынғы айлығымыз шайлығымызға жетпейді деп налыған қызметкерлер жұмыстан шығудан басқа амалы жоқ екенін айтады. Өйткені басшылық жалақыға қатысты жарытып ешқандай уәде бермеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде