{metadescription}
Елімізде тағы алты елдің вакцинасы жарамды деп танылды
Елімізде тағы алты елдің вакцинасы жарамды деп танылды

Елімізде тағы алты елдің вакцинасы жарамды деп танылды

Қазақстанда тағы алты елдің вакцина құжаты жарамды деп танылды. Бас санитардың жаңа қаулысына сәйкес енді Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Индонезия, Шри-Ланка мен Эквадор мемлекетінің азаматтары өз екпе анықтамасымен еліміздің аумағында еркін өте алады.

Осылайша вакцина құжаты республикамызда жарамды елдердің саны 30-ға жетті.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпенің толық екі компонентін алғандар 9 миллион адамға жуықтады. Ал Pfizer вакцинасын салдырған жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың саны 400 мыңнан асып жығылған. Қауіпті кесел жабысқан жандар кешегі күнмен салыстырғанда 800 адамға азайған.

Мәселен, соңғы тәулікте екі жарым мың адам індет жұқтырса, 20 адам көз жұмған.

Қазір аймақтарда вирусқа шалдыққан сегіз мыңнан астам науқас стационарда емделіп жатыр. Оның 150-і ауыр халде дейді дәрігерлер.

Жұқпалы дерттің таралу көрсеткші бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және Солтүстік Қазақстан көш басында тұр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде