{metadescription}
Семей: Орталық қазандық түтіні экологияны ластап жатыр
Семей: Орталық қазандық түтіні экологияны ластап жатыр

Семей: Орталық қазандық түтіні экологияны ластап жатыр

Семейдегі орталық жылу қазандығынан шыққан қою түтін қаланың экологиясын ластап жатыр. Тексеріс жүргізген мамандар осындай қорытынды шығарды.

Шаһарды жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың қоршаған ортаға тигізер зияны көп. Тіпті қондырғыларды ауыстырып, сүзгілерді жаңғыртуға қомақты қаржы да бөлінген. Соған қарамастан мұржадан ұшқан қара күйе қалыпты мөлшерінен он есеге көп.

Экологтар ауаны ластаған мекемеге қатысты хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Бірақ салынатын айыппұл жылу орталығының басшыларына сабақ болатын емес. Себебі, мамандар былтыр да ауаны ластаған жауаптыларды жазалаған болатын.

Данияр Әлиев, ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы:

- Былтырғы жылы біз осы мекемеге ауаның сапасын ластауына байланысты 66 млн. асатын өтемақы қойған болатынбыз. Оның экологиялық зияны биікте болған соң, оған қосымша айыппұл салғанбыз. Жалпы сомасы 20 млн. 156 мың теңгені құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде