{metadescription}
КТК телевизияның тартысқа толы тіршілігін сериалда көрсетпек — «Тоғжан»
КТК телевизияның тартысқа толы тіршілігін сериалда көрсетпек — «Тоғжан»

КТК телевизияның тартысқа толы тіршілігін сериалда көрсетпек — «Тоғжан»

КТК телеарнасының төл туындысы «Тоғжан» сериалы алдағы дүйсенбіден бастап көрерменге жол тартады. Ерекше сценариймен өрбіген сериалдың әрбір бөлімі жұртты жалықтырмайтыны хақ.

Туындыда телевизияның тартысқа толы тыныс-тіршілігімен қоса, әп-сәтте тағдыр тауқыметіне тап болған бас кейіпкердің өмірі шебер суреттелген.

14-ақпан күні сағат 18.30 да жаңа хикаяның алғашқы бөлімін тамашалаңыздар.

Қақаған қыстың аязына қарамай қарбаласа түсіріліп жатқан «Тоғжан» атты сериалдың қызықты болатыны анық. Режиссерлер мен продюсерлер көрерменді қалғытпау үшін барын салып жатқанын байқауға болады. Шетелдік туындылардан кем түспеу үшін тіпті сценариінің өзіне 10 адам жұмылдырылыпты.  

Николай Пак, продюсер:

Біз серилды түсіруге ұзақ дайындалдық. Актерлерді де іріктеп таңдадық. Сценрийі мен құрылымына қатты көңіл бөлдік. 10 шақты адам бірігіп жазды. Телекөрерменнің көңілін аулау қиын. Қызық болмаса, басқа арнаға ауыстыра салады. Сондықтан сценарийдің маңыздылығы жоғары.

Туындыда өмірі аласапыранға толы Тоғжан есімді журналистің бастан өткерген қиын-қыстау кезеңін көреміз. Сатқындық жасап кек қайтарған адамдардың  кесірінен қайғыдан қабырғасы қайысса да, тағдырдың салғанынан тартынбаған өжет қыздың ғұмыры баяндалады.

Мәдина Есманова, актриса:

- Тілшілеріміздің қиын жұмысын көрсете алатын жақсы жоба болады деп ойлаймын. Онымен қатар, әр серияда қайғылы оқиға болуы мүмкін. Бірақ өмірде болған сол оқиғаларды көрсететін боламыз.

70 бөлімнен тұратын туындының әр сериясының жеке сюжет желісі бар. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, ақ жолдан адасып теріс жолға тап болған өзге кейіпкерлердің де шым-шытырыққа толы тіршілігін көретін боламыз. Ең қызығы, түсірілімнің басым бөлігі КТК арнасының ғимаратында болған.

Наталья Фазылжанова, "КТК" телеарнасының өндірістік дирекция директоры:

- Бұл орындар негізі басқа мақсатта пайдаланатын. Соған қарамастан арнайы құрылыс жұмыстарын жүргізіп, сериялды түсіруге ыңғайлы етіп дайындадық. Мысалға, бөлмелерге жарық, жылу жүргізіп, оны сыртқа шығармайтын материялдармен қаптадық. Барынша қолдан келгенімізді жасадық. Түсірілім тобы алаңсыз жұмыс істеді деп ойлаймын.

Бес режиссердің қолтаңбасы бар бұл сериал жұрт жадында, ел елегінде жүрген тақырыптарды қозғап-ақ көрерменнің көңілінен шықпақшы.

Отандық әртістер ойнаған туындыны келесі аптадан бастап КТК арнасынан тамашалаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде