{metadescription}
Аманат: Жапа шеккен азаматтар тәртіп сақшыларының үстінен арыздана алады
Аманат: Жапа шеккен азаматтар тәртіп сақшыларының үстінен арыздана алады

Аманат: Жапа шеккен азаматтар тәртіп сақшыларының үстінен арыздана алады

Жапа шеккен азаматтар тәртіп сақшыларының үстінен арыздана алады. Наразылық кезінде ұсталып полиция тарапынан қысымға ұшырағандар аз емес дейді адвокат Абзал Құспан. Дегенмен ұрып-соғу деректері сот санкциясына дейін, яғни ұстау барысында болған.

Ал қосақ арасында жазықсыз кеткендерді босату үшін белгілі адвокаттардан құралған "Аманат" комиссиясы айналысып жатыр.

Абзал Құспан, «Аманат»  комиссиясының төрағасы:

- Қылмысын мойындау ол дәлел болып есептелмейді. Жұмыс жасау барысында прокурорлардан нақты дәлел сұрадық. Ол бірінші кезекте — видео. Одан кейінгі жерде куәлер. Басында ұрып-соғулар болғанын айтып отырмыз, өзіміздің де көзіміз жетіп отыр.

Құспан бастаған «Аманат» комиссиясы 24-қаңтарда жұмысын бастады. Содан бері Алматы, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Өскемен, Семей қалаларындағы тергеу изоляторларына кіріп ұсталғандардың жағдайымен танысқан. 85 адам босатылды. Дегенмен олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Өйткені үйіне жіберілгенімен, тергеуден толық босатылмапты. Ал тағы 30 шақты адам әне-міне темір тордан шығуды күтіп отыр.

Жалпы ел бойынша 800-ден астам адам тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен қамауға алынған. Бас прокуратура 3 мыңдай қылмыстық із қозғап үлгеріпті. Ұсталғандардың басым көпшілігі Алматы қаласынан дейді комиссия өкілдері.

Мәди Мырзағараев, «Аманат»  комиссиясының мүшесі:

Іріктеп алғандар, іріктеп шығарғандар емес. Біздің көмектесе алғанымыз көмек қолымыз жеткені. Әлі жетпегендері де бар ішінде. Қамауда қалып қалғандар, 85-тің тізіміне кірмей қалғандар кінәлі деген сөз емес. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде