Кедендегі заңсыз айналымға қатысты 8 қылмыстық, 24 әкімшілік іс қозғалған
Алыс-беріс азайғанымен, бюджетке түсім 20 пайызға артқан. Бұл қазақ-қытай шекарасындағы заңсыз тауар айналымымен күрестің үш апталық нәтижесі. Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы бүгін президенттің қабылдауында осындай дерек келтірді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
14.02.2022
Осы үш аптаның ішінде кедендегі заңсыз айналымға қатысты 8 қылмыстық, 24 әкімшілік іс қозғалған. Мұның нәтижесі де бірден көрініпті.
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы қысқарғанымен, қазынаға кеденнен түсетін кіріс артқан. Агенттік төрағасы Жанат Элимановтың есебінше, тек қаңтар айындағы көрсеткіш 31 миллиард 700 миллион теңге. Бұл бұрынғыдан 5 миллиард теңгеге артық. Кеденді май-шелпекке айналдырғандардың жолы бұдан былай да қатаң түрде кесіледі деп сендірді қаржы мониторигі агенттігінің төрағасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!