Павлодар облысында ашқұрсақ қалған «маугли» балалар табылды
Павлодар облысында қараусыз ашқұрсақ қалған 4 баланың ата-анасына қатысты іс қозғалды. Сондай-ақ құзырлы орындар балақайларды назардан тыс қалдырған дәрігерлердің әрекетін де тексеруде.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.02.2022
Балаларды жалдамалы пәтерден еріктілер тауып алған. Өздігінен жүре де, сөйлей де алмайтын 4 бүлдіршін бірнеше күн нәр татпай аш отырған. Қараусыз қалған балақайлардың ата-анасы Екібастұзға басқа қаладан көшіп келген. 3 пен 7 жас аралығындағы балалар жергілікті емханаға тіркелмеген. Тіпті бір жылдан бері далаға да шықпаған. Айналадағы адамдардан қорқады дейді анасы. Дереу ауруханаға жеткізілген бүлдіршіндердің өкпесі қабынып, коронавирусқа шалдыққан. Оның үстіне үнемі аш жүрген балалардың сүйегі қисайып рахитке ұшыраған.
Гүлнар Буратаева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазір осы жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Медицина қызметкерлері балалардың бұндай жағдайға жетуіне қалай жол бергені анықталатын болады. Заң тұрғысында әрбір қызметкердің жауапкершілік міндеті белгілі болады.Әрине, жіберілген олқылық үшін жауап береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!