{metadescription}
Қару-жарақ дүкенін тонаған күдікті кінәсін мойындады
Қару-жарақ дүкенін тонаған күдікті кінәсін мойындады

Қару-жарақ дүкенін тонаған күдікті кінәсін мойындады

Алматылық полицейлер арнайы операция кезінде сегіз «Сайга» қаруын тәркіледі. Қолға түскен күдікті мылтықтың бәрін қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрлаған.

Наурызбай ауданын тінткен тәртіп сақшылары күдіктінің сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылыққа қажетті құралдар тапқан. Кінәсін мойындаған азамат қаңтардың бесінде «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысып, сол жерден 8 мылтықты алып кетіпті. Ұрланған мылтықтарды уақыт өте кәдеге жаратуды көздеген ол барлығын үйдегі адамдарға көрсетпей сарайда жасырған.

Күдікті қазір қамауда. Ал тәркіленген қару-жарақты полицейлер сараптамаға алып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде