{metadescription}
Әскери құрылыс кәсіпкерлерге миллиардтап қарыз қарыз
Әскери құрылыс кәсіпкерлерге миллиардтап қарыз қарыз

Әскери құрылыс кәсіпкерлерге миллиардтап қарыз қарыз

Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлерге миллиардтап қарыз. Әскерилерге қызмет көрсетіп тапсырысын орындаған компания иелері үш жылдан бері министрлік жағалап жүр. Қайтарылмаған қарыздан  кәсіпкерлер мыңдаған жұмысшысына жалақы да төлей алмай отыр.

Әбден тығырыққа тірелген мердігерлер базынасын айтуға бүгін тағы астанада жиналды.

Бақытжан Қынисарин, кәсіпкер:

- Қазақстан бойынша біздің мекемелер қорғаныс минисрлігінің бүкіл обьектілеріне қызмет көрсеттік. Құрылыс материалдарын бердік. Құрылыс жұмыстарын, бүкіл шаруашылық жұмыстарын біз істедік.Үшінші министр ғой енді. Екі жарым үш жылға созылды осы мәселе. Бізге ақшамызды қайтарып берсе болды. Біз басқа ешқандай шарт қойып жатқан жоқпыз.

Қазақстанның әр өңірінен келген кәсіпкерлерді боран да тоқтата алмады. Мердігер компаниялар әскери казармаларға құрылыс материалын тасу, гүлін егу, жеделсатысын тазалау сияқты жұмыстарымен айналысқан. Ақшаны ақыры бір алатынына сенімді болғандықтан осы уақытқа дейін тегін жұмыс істеп жүре беріпті. Енді шыдамдары таусылып отыр.

Жүзден аса компанияның ала алмай жүрген қарызы бір жарым миллиард теңгеден асады. Бірақ министрліктегілер «Әскери құрылыс астана» серіктестігіне барлық ақшаны аударғанын айтады. Ал қаражат серіктестіктен әрі аспай қалған. Аудит кезінде құрылыс материалдарының бағасын бірнеше есе өсіріп, тіпті керек емес дүниелер сатып алғаны да анықталыпты. Бірақ одан еш пайда жоқ. Өйткені жаңа министр де не істерін білмей отыр. Дегенмен дау-дамайды аяқсыз қалдырмай шешуге уәде берді. 

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Егер мен үшінші министр болсам, онда осы жолы бұл мәселеге нүкте қояйық. Заңды шешімін бірлесіп табайық. Мен кіріссем, міндетті түрде шешемін. Бұған уәде беремін. Бұрын басқарған Ұлттық гвардия да немесе Ішкі әскер де мұндай проблема болған жоқ. Аяқсыз қалған бірде-бір нысан болмаған. Барлығы жұмыс істеп тұр. Қандай шешім қабылдауды білемін. Сіздердің мәселелеріңізді шешуге сөз беремін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде