Ұятқа қалған Тараз қаласы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті
Былапыт сөз айтамын деп бүкіл елдің алдында ұятқа қалған Тараз қаласы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті. Бұған дейін Асхат Есеналиевтің мас адамша теңселіп әкім кеңесшісімен жағаласқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.02.2022
Сол үшін көпшілік атқамінерді әбден сөкті. Шенеунік дауды одан әрі ушықтырғысы келмесе керек, өз еркімен жылы орнын босатып берді. Сөйтіп қоғамдық талқылауға нүкте қойды. Бірақ кадрдағы кос шенеуніктің ішімдік ішкен-ішпегені сол күйі белгісіз болып қалды.
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын желіде Асхат Есеналиев пен қала әкімінің кеңесшісі Нұрбол Қожықовтың бір-бірімен жағаласып боқтық сөздер айтқан көрінісі тараған. Бұған дейін Қожықов өз еркімен жұмыстан кетсе, енді Есеналиев те соны қайталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!