{metadescription}
 «Күміс жас»: Зейнетке жетпеген адамдарға жұмыс тауып беріледі   
 «Күміс жас»: Зейнетке жетпеген адамдарға жұмыс тауып беріледі   

 «Күміс жас»: Зейнетке жетпеген адамдарға жұмыс тауып беріледі   

Еңбек министрлігі зейнет жасына жетпеген адамдарға жұмыс тауып бермек. «Күміс жас» жобасы жыл сайын бес мыңдай адамды қамтиды деген жоспар бар. Зейнеткерлікке шығуына аз уақыты қалған жұмыссыз адамдар ауыр жұмысқа тартылмайды.

Жоғары лауазымдарға отыра алмайды. Ал екі қолға бір күрек табуға даяр азаматтардың жалақысының жартысын мемлекет төлейді.

Үкімет осылайша субсидия бөліп, жұмыс берушілерді қызықтырып көрмек. Заң бойынша зейнетке дейінгі жас ретінде демалысқа шығар алдындағы екі жыл саналады.

Еңбек министрлігі осы санаттағы жұмыссыздардың санын айтқан жоқ. Ал ұлттық жоба аясында құжаттарды қабылдау апта соңына қарай жұмыспен қамту орталықтарында басталады.

Ең бастысы, қатысуға ниетті әрбір адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелуі тиіс. Өтінімді содан кейін ғана қалдыру керек. Ал бос жұмыс орындарын enbek.kz порталынан қарауға болады. Компаниялар мен кәсіпорындар бұл жобаға қатысуы үшін жаңа жұмыс орындарын құруға міндетті. Бір жыл ішінде мемлекет жалақының жартысын, яғни 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын төлемді төлесе, қалғанын жұмыс беруші қалтасынан шығаруы тиіс. Әрі қарай шығындарды компаниялар өздері көтереді.

Руслан Тілеубаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент басшысы:

- Жұмыс беруші жаңа қызметкерге 200 мың теңге жалақы қоятын болса, мысалы, соның 90 мың теңгеден астамы бюджет есебінен субсидияланатын болады. Және одан кейінгі шарты 12 ай мемлекет тарапынан жалақысының бөлігі субсидияланатын мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші сол азаматты өзінің кәсіпорнына, мекемесіне тұрақты түрде жұмысқа алуға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде