{metadescription}
ШҚО: Жайылымнан да жылқы ұрлап келген барымташылар ұсталды
ШҚО: Жайылымнан да жылқы ұрлап келген барымташылар ұсталды

ШҚО: Жайылымнан да жылқы ұрлап келген барымташылар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жайылымда жүрген жылқыларды ұрлаған барымташылар ұсталды. Үш жігіттен құралған топ Абай ауданында он төрт жылқыны сойып, етін базарға өткізіп жіберіпті.

Барымташылардың үлкенінің жасы 47-де, ал кішісі 23 жаста. Үш азамат былтырдан бері шаруа қожалықтары мен тұрғындарды зар қақсатқан. Олар жайылымда жүрген жұмыр тұяқтыларды қасқағым сәтте қолды қылып отырыпты. Осылайша оңай пайда таппақ болғандар жылқыны сойып ет базарына өткізген. Ал, қылмыстарын жасыру үшін бас-сирақ пен теріні көңнің арасына көміп тастаған. Полиция қызметкерлері қылмысқа дәлел болатын айғақтарды түгел қазып алды.

Жалпы 14 бас жылқыдан келген шығын көлемі 5 миллион теңгеге бағаланып отыр. Тіпті сөз байласқан барымташыларға шаруа қожалықтарының жұмысшылары да қолғабыс қылған көрінеді. Қазір күдіктілер қамауға алынып тергеліп жатыр.

Татьяна Карпова, ШҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникация басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

Барлық ұсталған адамдар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК 118-бабы 2-бөлігі, мал ұрлығы бойынша сараланған. Оның санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде