{metadescription}
Орта Азияда бірінші рет президенттің тағы әкеден балаға қалуы мүмкін
Орта Азияда бірінші рет президенттің тағы әкеден балаға қалуы мүмкін

Орта Азияда бірінші рет президенттің тағы әкеден балаға қалуы мүмкін

Орта Азияда бірінші рет президенттің тағы әкеден балаға қалуы мүмкін. Түрікменстанда 12-наурызға белгіленген кезектен тыс президент сайлауына Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің ұлы Сердардың кандидатурасы ұсынылды. 

Шетелде білім алып мансабы көз ілеспес жылдамдықпен көтерілген 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов қазіргі таңда премьер-министрдің орынбасары. Билік басындағы демократиялық партия оны жалғыз үміткер ретінде ұсынып отыр. Сердардың ел дамуына қатысты 2052 жылға дейінгі жоспары да дайын екен. Ал 15 жылдан бері билік басында отырған қазіргі президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов өткен жұмада ғана орнын жастарға бергісі келетінін айтып ағынан жарылған. Мәлімдеменің бекер жасалмағанын бәрі түсінді. Өйткені баласы Сердарды ізбасарлыққа дайындағаны көптен бері айтылып жүрген.

Үлкен Бердімұхамедовтің өзі соңғы жылдары әртүрлі әуестігімен әлемге танымал. Спортқа жақын басшы немересімен қосылып ән салады, көлікпен де, атпен да жарысады, қарудың барлық түрімен оқ атады. Бос уақытында кітап жазуға құмарлығы бар «Арқадақтың» осы уақытқа дейін 40 туындысы жарық көріпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде