{metadescription}
15-сәуірден бастап жалдамалы баспананың субсидиясына өтініш қабылданады
15-сәуірден бастап жалдамалы баспананың субсидиясына өтініш қабылданады

15-сәуірден бастап жалдамалы баспананың субсидиясына өтініш қабылданады

Қазақстандықтар 15-сәуірден бастап жалдамалы баспананың субсидиясына өтініш бере алады. Арнайы цифрлық платформа жұмыс істейді. Ал пилоттық нұсқасы 15-наурызда іске қосылады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрі:

Платформа электронды цифрлық қолтаңбамен өтініш беруді және өтініш берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Тексеру цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, әділет министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті, білім және ғылым министрлігі, еңбек министрліктерінің мемлекеттік базаларымен интеграциялау арқылы іске асырылады.

Осы аталған мекемелер өтініш берушіге он жұмыс күн ішінде жауап қайтаруы тиіс.

Жалдамалы баспананың жарты құнын мемлекет төлеп беру үшін арнайы жоба әзірлеу ел президентінің тапсырмасымен бұдан бір жыл бұрын іске асуы тиіс болған. Бірақ жауапты мекемелердің салғырттығынан жүз мыңдаған қазақстандықтың жеңілдікке қолы жетпей жүр. Субсидия көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, ата-атанасының қарауынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» атағын алған баспанасыз отбасыларға беріледі.

Ескерте кететін жайт, азаматтар өздерінің жақын туыстарынан пәтерді жалға ала алмайды. Ал үйдің аумағы отбасындағы адам санына қарай бекітіледі. Жоба операторы "Отбасы банкінің" дерегінше, ел бойынша 70 мың жанұя жалдамалы пәтердің субсидиясынан үмітті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде