Көктөбеге шабуыл жоспарлап, көнбегендеріне күш қолданған
Теледидарға шығу үшін Көктөбе телемұнарасына шабуылды жоспарлаған. 39 жастағы Алматы облысының тұрғыны осындай күдікпен ұсталды. Ол жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмысқа баруға үгіттепті. Ал көнбегендеріне күш қолданған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
15.02.2022
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті үгітке көнбеген 30 жастағы азаматты атып жаралаған. Мұны көзімен көрген бірнеше куәгер де бар екен. Күдіктінің өзі бұрын да істі болғаны айтылды.
Алматы әкімдігін басып алуға қатысқан екі шетел азаматы ұсталған. Олар ғимаратты қорғаған мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз сарбаздарына қарсы күш қолданды деп айыпталып отыр.
Бұл екеуінің тәртіп сақшыларын өздерінен тартып алған таяқпен оңдырмай сабап қатқаны бақылау камерасына анық түсіп қалыпты.
Ұсталғандардың барлығы ҚК «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», «билік өкіліне күш қолдану» бабымен тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!