{metadescription}
Шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады
Шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады

Шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады

Алматыда қаңтар оқиғасында шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады. Әкімдіктегілер дәл қазір 1 миллиард 118 миллион теңге өтемақы төленгенін айтып отыр. Бұл қаражат әзірге 601 кәсіпкерге беріліпті. Ал қала бойынша осыған дейін 2 мыңнан астам өтініш түсіпті.

Алайда өтемақыдан үмітті кейбір кәсіп иелері шененуніктер қара қылды қақ жарып жұмыс істейтініне күдікпен қарайды. Әсіресе қаладағы ломбард иелері өтініш қабылдау туралы жаңа тәртіп түрлі түлкібұлаңға бастап жатқанын айтады.

Зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастағанда елеңдеп жүрген жанның бірі — Ерлан Төлеуов. Қираған дүниені өз күшімен қалпына келтіріп жұмысын бастаған ол 44 миллион теңге шығынға батқан.

Өйткені терезені шағып кірген ұрылар бренд киімдерді түгін қалдырмай тонап кетіпті. Сан рет талпынып өтініш берген кәсіпкер енді өтемақы берілетін күнді күтіп жүр.

Ерлан Төлеуов, дүкендер желісінің басқарушы директоры:

- Өтініш беруге бірден мүмкіндік болмады. Төртінші рет жібергенімізде ғана қабылданды. Себебі, әр кез түрлі құжаттарды толықтыру қажет болды. Біресе полиция департаментіне, біресе сақтандыру компаниясына жүгірдік. Бірақ келісімшартқа сәйкес форс-можор жағдайында сақтандыру компаниясы бас тартты. Қазір жауабын күтіп отырмыз. 

Ал қаңтар оқиғасында тоналған ломбард иелері де өтемақыдан үміттенгенімен, көңілі алаң. Өйткені сол күндері қаладағы 80-нен астам ломбард бөлімі талан-таранжа түсіп, шығын көлемі бір миллиард теңгеден асып кетіпті. Қымбат бұйымдар мен бағалы заттары тоналған кәсіпкерлер өтінім беру жайлы жаңа тәртіп түрлі кедергі туғызуы мүмкін деп қауіптенеді.

Лариса Назарова, ломбардтар желісінің қызметкері:

- Барлық бөлімшелерді қосқанда 25-30 миллион теңге шығынға ұшырадық. Бізде қала бойынша 6 ломбард желісі бар. Оның екеуі тоналды, жалпы алғанда 4 бөлімше зардап шекті. Біз әзірге өтінім бермедік. Ломбард пен айырбастау пунктеріне қатысты тәртіп өзгергендіктен тек сот сараптамасынан кейін ғана құжат жібере аламыз. Өкінішке қарай құжаттарды жинау барысында түсініксіз тұстар көп.

Алайда қалаks0 әкімдіктегілер бүгінге дейін 601 өтінімді мақұлдап, кәсіпкерлерге 1 миллиард 118 миллион теңге төленгенін айтады. Қомақты қаржы бюджет пен қайырымдылық қорынан алынған. Әзірге түрлі себеппен 200-ге жуық өтінім кері қайтарылыпты. Бірақ бастапқы кезеңде қатты зардап шекпеген шағын және орта кәсіпкерлерге өтемақы төленіп жатыр дейді шенеуніктер.

Қанат Сағындықов, Алматы қалаcы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі байланыста біз алғашқы шағын бизнеске қарастырып жатырмыз. Өйткені олар оңай механизммен барады, яғни 5 миллионға дейін қарастырып жатырмыз. Келесі жиналыста қалғандарын қарастыра бастаймыз. Кейбір залал шеккен нысандар бізбен келіспеген жағдайда олар сот сараптамасы арқылы механизмен барып, дәлелдеп сол жерден сомасын алады.

Айта кетейік, осыған дейін қала бойынша бүлік кезінде бүлінген 2 мыңнан астам бизнес нысанынан өтініш түсіпті. Арасында бір өтінішті бірнеше рет жібергендер де бар екен. Бәрін елеп-екшеген комиссия қара қылды қақ жарғандай әділ боламыз деп сендіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.