{metadescription}
Баспанасыздар неге көп? Депутаттар жауабын таба алмай отыр
Баспанасыздар неге көп? Депутаттар жауабын таба алмай отыр

Баспанасыздар неге көп? Депутаттар жауабын таба алмай отыр

Елімізде жыл сайын тұрғын үймен қамту бағдарламалары көбейсе де, баспанасыздар саны неге азаймай тұр? Депутаттар бүгін осы сұрақтың жауабын таба алмай біраз шуласты. Өкініштісі, көрінгеннің есігінен сығалап жүргендердің басым көпшілігі ауру бала асырайтын, жалғызбасты және көпбалалы отбасылар. 

Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, Үкімет мүгедектер мен жетімдерді тіпті ұмыт қалдырған. Мүгедек жандары бар отбасылардың көбіне жеңілдетілген несиеге үй алуға мүмкіндігі жоқ. «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» сияқты мемлекеттік бағдарламаларда да оларға жеткілікті дәрежеде жеңілдік қарастырылмаған дейді депутат. Ал өңірлердегі үй кезегінде тұрғандардың саны еселеп артып жатыр. Әсіресе Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкентте кезектің шеті жоқ. Жұрт арзан пәтерден күдерін үзген. Олардың ішінде 20 жылдан бері бір баспанаға жете алмай жүргендер жетерлік. Мәжілісмен осы проблеманы шешуге тиіс мемлекеттік бағдарламаны мандытпады деп, Министрлер кабинетін сынады. 

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

- Мемлекет басшысы 2020 жылдың басына дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Ал Үкімет тек қаржыны ұлғайтумен шектелді. Осы орайда әлеуметтік осал топтарға кіретін жетімдер мен мүгедектер санаты қайта сыртта қалып қойды. Сонымен қатар 2022 жылдың екінші айы басталғанымен, «Шаңырақ» бағдарламасына арналған қаржы әлі ортақ операторға үлестірілмеген. Үкімет үшін бір ай уақыт емес шығар, ал пәтер жалдаушы үйсіз отандасымызға бұл кезекті далаға кеткен пәтерақысының сомасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде