{metadescription}
ПТР шетелге шыққандардың кері қайтуына қолбайлау болып тұр
ПТР шетелге шыққандардың кері қайтуына қолбайлау болып тұр

ПТР шетелге шыққандардың кері қайтуына қолбайлау болып тұр

Отанына орала алмай жүр. Мәжілісмен шекара асқан азаматтарға осылай араша түсті. Ғани Хамзиннің айтуынша, шетелге шыққан қазақстандықтар үшін міндетті ПТР сынамасы олардың кері қайтуына қолбайлау болып тұр.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес шетелге шыққан азаматтар Қазақстанға оралу үшін қолында теріс нәтижелі ПТР сынамасы болуы міндетті. Ал оның жарам мерзімі үш-ақ күн. Егер олай болмаған жағдайда әуежай қызметкерлерінің азаматтарды ұшаққа отырғызбауға толық құқы бар. Бұл ретте тіпті вакцина паспорты да көмектеспейді. «Мұндай ереже көршілес елдердің бірінде де жоқ. Егер өз еліне емін-еркін орала алмаса, екпені не үшін салдырады?» деп күйінді Хамзин. Сондықтан шетелге шыққан қазақстандықтарға  міндетті ПТР сынамасын алып тастау қажет деп есептейді.

Ғани Хамзин, Мәжіліс депутаты:

- Қазақстанда ПТР тестілеудің бағасы 7 мың теңге, ал  шетелдерде 20 мен 150 доллар аралығында. Мысалы, отбасында 5 адам болса, кемі 750 доллар төлеуге мәжбүр. Бұл шамамен 322 мың теңге. Қазақстанда тапсырса 32 мың теңге жұмсар еді. Ал сол сынақтардың нәтижесі теріс болса жақсы. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда азаматтар қонақүйге, жаңа әуе билетіне, қайта ПТР сынамасы үшін төлеп, еселеп шығындалады.  Тіпті осындай жағдайға тап болып мәжбүрлі түрде несие алған азаматтар да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.