{metadescription}
ШҚО: Бет қаратпайтын боранда жедел жәрдем көлігі аударылды
ШҚО: Бет қаратпайтын боранда жедел жәрдем көлігі аударылды

ШҚО: Бет қаратпайтын боранда жедел жәрдем көлігі аударылды

Шығыс Қазақстан облысында тауыл аймақтарда қар көшкіні жүрді. Алтай ауданында жарқабақтан құлаған 300 текше метр ақұлпа көлік жолын басып қалған. Бет қаратпайтын боранда жедел жәрдем көлігі аударылды.

Таудан түскен қалың қар Алтай-Малеевск-Путинцево күре жолын басып қалды. Мамандарға тас жол ақ ұлпадан тазаланғанша, көлік қозғалысына шектеу еңгізуге тура келді. 

Ал өңір бойынша қар көшкіні жүру қаупі бар  497 жер бар. Оның  336-сы адамдардың өміріне қауіп төндіріп тұр.  Тіпті жол жиегіндегі 20-сы аса қауіпті. Құтқарушылар жұртқа ақтүтек боранда  жолға  шықпауға кеңес беріп отыр.

Ал қар көшкінінен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен құтқарушылар бет қартпайтын боранның салдарынын қар құрсауында қалған 6 адамы бар қос жеңіл көлікті қардан шығарды. Олардың ешқайсысы дәрігерлік көмекті қажет етпеген. Қазір, аймақтағы күре жолдарға қойылған шектеу алынып көлік қозғалысы жанданды.

Нұржан Кәрімов, ШҚО ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы:

- ТЖД қауіпсіздік шараларын есте сақтауды талап етеді. Ешқандай жағдайда да қолайсыз ауа райында және дауылды ескерту жарияланған кезде елдімекендерден тыс жерге шықпауға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде