Қарағандыда қар тазалау жұмыстарына тұрғындар кедерді келтіруде
Қарағандыда үш күн толассыз жауған қар қала тіршілігін тұралатты. Тәуліктеп көшеде жүрген қар тазалаушылар әбден діңкелеген. Айтуларынша, тазалық жұмыстарына көп жерде тұрғындардың өзі кедергі келтіреді екен.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
16.02.2022
Қарлы боранда қаладағы тіршілік айтарлықтай кібіртіктеген. Қоғамдық көлік қозғалысы қиындап, жұрт үйіне жете алмай қиналды. Ал қала сыртында бірнеше жерде ірі жол көлік апаты болды. Боран тыншыған соң, қаладағы тазалық жұмыстары екі ауысымға көшкен. Қар тазалайтын техника мен адам жұмысы күндіз де, түнде де тоқтамады. Жауған қалың қардың артынан соққан қатты жел даланың қарын қалаға әкелген. Кей жерлердегі қардың биіктігі екі-үш метрге дейін жетті. Қазір қаладан бір тәулікте 600 жүк көлігіне тиелген қар шығарып жатыр. Мамандардың айтуынша, тазалау жұмысын тұрғындардың өзі қиындатады.
Асқар Құсайынов «Тазалық Эксперт» ҚКММ бөлім басшысы:
- Көшелердің бойы толған көлік. Қойып, кетіп қалады. Айналасындағы қарды шығара алмай тұрғаның. Содан соң жер үйлер немесе жол бойындағы мекемелер өзі шығарудың орнына, қарды жолға ысыра салады. Бұл да кедергі. Содан кейін жұрт бізді кінәлайды. Боранды күндері қар тазалау оңай болған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!