{metadescription}
Ақан Сатаев «Қазақфильмдегі» бар былықты жайып салды
Ақан Сатаев «Қазақфильмдегі» бар былықты жайып салды

Ақан Сатаев «Қазақфильмдегі» бар былықты жайып салды

Ұрлық-қарлық, тамыр-таныстық пен қағазбастылық! «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев мекемедегі бар былықты бүгін мәдениет министрінің алдында жайып салды.

Қара шаңырақты көркейтуді емес, тонауды көздейтін, еш жаны ашымайтын әріптестерінің атын айтпағанмен,Сатаев бар кемшілікті жіпке тізіп берді.

Ғимарат қабырғасы шірігенінен бөлек, қол астындағы кейбір қызметкердің кәсіби маман еместігі де жанына батып жүр екен. Сырты бүтін көрінгенмен, ішінің тозығы жеткен нысанның инженерлік жүйесі 70-жылдардан бері ауыстырылмаған. Киностудияны бір жарым жылдан бері басқаратын Сатаевтың жанайқайын бұлайша жайып салуын ешкім күтпегендей.

Кино түсіріліп жатқанымен, ойлағандай нәтиже көрсетпейтінін де жасырмады. «Өзгенің қолына өтіп кетті» деп жыр болған «Қазақфильмнің» бес гектар жері туралы да әңгіме қозғалды. Ақан Сатаев қанша хат жазғанмен, мәселені сол күйі шеше алмағанына күйініп отыр.

Ақан Сатаев, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:

- Өкінішке қарай, қазір киностудия тек өз өнімін шығарудан ғана ақша табады. Олай болмауға тиіс. Киностудия өзінің картиналарын сату арқылы пайда табуы қажет. Оның бір бөлігі қарапайым көрерменге бағытталғаны жөн. Соның есебінен басқа жобаларды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ студия кино нарығында қажет барлық түсіру техникасы мен арнайы жабдықтарды жалға беруді жолға қоюға тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.