{metadescription}
Салғырттық: Алматыда өртенген үйлер мен иіс тигендер көбейген
Салғырттық: Алматыда өртенген үйлер мен иіс тигендер көбейген

Салғырттық: Алматыда өртенген үйлер мен иіс тигендер көбейген

Алматыда тұрғындардың салғырттығынан өртенген үйлер мен иіс тигендер көбейген. Бостандық ауданының өзінде былтыр 7 адам газдан уланыпты. Мұның барлығы өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдары дейді мамандар.

Дінмұхаммед Тажмағамбет, Бостандық ауданы төтенше жағдайлар басқармасының инженері:

- Былтыр Бостандық ауданының аумағында 4 улы газбен улану және 3 табиғи газбен улану фактісі орын алды. Осындай факторларға жол бермеу мақсатында келесі іс-шараларды орындауды сұраймыз: мұржаны тазалауды, жарылған немесе ақауы бар пештерді мүлде қолданбау, пеш алдына жанбайтын темір тақтай қою.

Тізіліп тұрған төтеншеліктер кезекті рейдке дайын. Олар апта сайын шаһардың орталығындағы пеш жағатын жер үйлерді жіті тексеріп шығады. Ал көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға тегін түрде улы газдарды анықтайтын құрылғыларды орнатып, пеш мұржаларын ақысыз тазалап береді. Өйткені әл-ауқаты мүшкіл тұрғындардың қақаған қыста сапалы жылыту жабдығын сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Айсәуле Афсат, Алматы қаласының тұрғыны:

- Төтенше жағдай қызметкерлеріне рақмет айтамыз. Отбасымызға келіп, көмектесіп, қол ұшын беріп жатыр. Қауіпсіздік шараларын түсіндіріп айтып берді. От жақпаңыздар, ыс болмасын, бала-шаға бар деген сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде