{metadescription}
Көктемде 300-ге жуық елдімекенді су басуы мүмкін
Көктемде 300-ге жуық елдімекенді су басуы мүмкін

Көктемде 300-ге жуық елдімекенді су басуы мүмкін

Үш жүзге жуық елдімекенді көктемде су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметі табиғи апатқа тап болу қаупі жоғары аймақтарды атады: СҚО, ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстары. Орташа ықтималы бар өңірлер: Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Алматы облыстары.

Бұл құтқарушылардың алдын ала болжамы. Нақты деректі наурыздың басында жариялайды. Ақпанда әлде де қар қалың түсуі мүмкін. Қазгидрометтің дерегінше қазір өзендердегі су жылдағы қалыптан асып тұр. Қатқан тоң мен қалың мұздар да жағдайды қиындатады. Өйткені күн күрт жылыса, еріген қар суы ауыл-аймаққа құйылады. Жергілікті басшылардың салғырттығы да оқыс оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін дейді құтқарушылар. Өйткені жауған қар уақытында шығарылмайды. «Апаттың алдын алуға тырысып жатырмыз» деген құтқару қызметі бірнеше ауылда қауіпсіздік шараларын жүргізіп үлгеріпті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, соңғы бес жылда 165 елдімекен су тасқынынан зардап шеккен.

Рустамбек Әмрин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы:

- Өткен жылы елде су астында қалуы мүмкін мыңнан астам аймақ анықталды. Жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде 150 аймақтың қауіпсіздігі  күшейтілді. 340 елдімекен су басу қаупінен арылып, 385-інің қаупі орташаланды. Бүгінгі күнде су басуы мүмкін 285 елдімекен қалып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде