Соңғы тәулікте 1349 адамнан КВИ анықталды; 25 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан қаласында эпидахуалдың біршама тұрақталуына байланысты карантин талаптары да жеңілдетіліп жатыр. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында да жағдай жақсарып «жасыл» аймаққа ойысты.
Автор: Салтанат Шырынхан
17.02.2022
Ал коронавирустың таралуы бойынша қауіптің ең жоғары деңгейінде Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
Батыс Қазақстан мен Қарағанды облысы эпидкартада «сары» түске боялып тұр. Бұл өңірлерде енді "көк" және "жасыл" мәртебесі бар тұрғындарға театр, кинотеатр, концерт залдары, бильярд, компьютерлік клубт, боулинг, цирк, қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханаларды 70 пайызға дейін толтыруға рұқсат етілді.
Іс-шараларға қатысты тыйымдар да алып тасталынды. "Жасыл" мәртебесі бар қараша сауда орталықтары, бассейн, көрме, караоке, діни нысандар, салтанатты іс-шара, конференция, форумдарға емін-еркін бара алады. Мұндай жеңілдетулер «жасыл» жолақтағы Шымкент қаласы мен 8 облысқа да қатысты. Осылайша елімізде ауру айылын жия бастағаны байқалса да, дәрігерлер арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертеді. Соңғы тәулікте індет 1349 адамнан анықталды. 25 адам ажал құшқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!