Шетелге шыққан қазақстандықтар ПТР сынамасын тапсырмайды
Шетелге шыққан қазақстандықтарға міндетті ПТР сынамасы алынып тасталды. Күні кеше ғана бұл мәселені мәжілісмендер көтерген. Ведомствоаралық комиссия іле-шала осындай шешім қабылдады.
Автор: Елдос Есенбол
18.02.2022
Бірақ бұл жеңілдік бәріне бірдей емес. Вакцинаның соңғы дозасын салдырғаныңызға алты айдан аспаса ғана Отаныңызға кедергісіз орала аласыз. Және вакцина паспортын Қазақстан мойындаған шетелдіктерден де ПТР нәтижесі сұралмайды.
Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын салдыра алатын қазақстандықтардың тізімін көбейтті. Енді барлық топтағы мүгедектер мен елу жастан асқан азаматтар Pfizer вакцинасымен егіле алады. Ал қатардағы Қзақстандықтарға мақтаулы америкалық препарат ақылы түрде де салынбайды. Өйткені өндіруші компания алыпсатарлардан сескеніп, рұқсат бермепті-міс. Бірақ алыс-жақын шетелдерде ақысын төлесеңіз, Pfizer-ді кедергісіз ала аласыз. Егер осы препараттың бірінші дозасын өзге елден алып келсеңіз, Қазақстанда вакциналау курсын аяқтауға рұқсат.
Жандос Бүркітбаев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Шетелден Pfizer вакцинасын салдырған азаматтардың вакциналау курсын Қазақстанда аяқтауға толық құқы бар. Бірақ ревакцинацлауға рұқсат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!